Маңғыстау облысында «ақылды қала» жобасы жүзеге асырылуы мүмкін

Ағын суды биологиялық жолмен тазарту. Энергияны үнемдеп, өндірістік қауіпсіздікті арттыру. Тіпті, оқушыларды мектепке тасу. Осы және өзге де мәселелер Ақтауда өткен еркін форматтағы инвестициялық форумда талқыланды. Жиынға 60-тан астам еліміздегі ірі компания өкілдері, мүдделі инвесторлар қатысты.

Альберт Ни – 4 жылдан бері Астана  қаласында оқушылар тасымалымен айналысады. Мектепке қашық жерде қоныстанған отбасылар үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Оның ойынша, осылайша бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Альберт Ни тың жобасын Маңғыстау облысына енгізуді көздейді. жоспары да дайын.

-Ақтауда жұмыс істегіміз келеді. Тек қаламен шектелмей аудан, ауылдарға шықсақ дейміз. Біздің жобамыз ата-анаға да, оқушыға да тиімді. Астана қаласында 20-дан аса автобусымыз бар. Біздің ұранымыз қауіпсіздік, уақыт, сапалы қызмет, дейді “Schoolbus” компаниясының бас директоры Альберт Ни. ¤

Баланың қауіпсіздігімен қоса, білімі де басты назарда. Кездесу барысында 50 дарынды жас түлекке ТМД мемлекеттері мен Қазақстандағы үздік жоғары оқу орындарында білім алуы үшін облыс әкімі гранты тағайындалатыны айтылды. Бірақ олар өңірде сұранысқа сай мамандықтарды меңгеруі тиіс.

Келешегіңді ойласаң- жақсы ұрпақ тәрбиеле», дейді. 6-7 жылдан кейін еліміздің және ТМД мемлекеттерінің ЖОО-да білім алып келген жастарымыз өңір экономикасын жандандыруда аянбай еңбек ететініне сенімім мол. Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмысты қолға алып жатырмыз, дейді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

¤Жиында талқыланған тағы бір тақырып – ақылды қала жобасы. Бағдарлама мақсаты –  шаһар тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіп пен жол ережелерін сақтау.

Маңғыстау облысына және Ақтау қаласына ұсынған жобамыз бұл Президенттің жариялаған жаңа экономикалық модель немесе жаңғырту 3.0 деген бағдарламасына сәйкес «Ақтау АЙ СИТИ»,-деп айтамыз. Бұл ақылды қала жобасы. Өз тарапымыздан біздер жеке және мемлекет тарапынан бірігіп жұмыс жасауға дайынбыз. Инвестиция жағынан құюға біраз мүддеміз бар, дейді «Фин бизнес хаб» компаниясының директоры Мұхтар Манкеев.

Әкімдік бірқатар компаниялар тобымен 5 меморандум бекітті. Енді олар энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс пен білім салаларында бірлесіп жобалар атқармақ.

Айман Оңғарбайқызы

 

(39)