Қытайда көпір құрылысына әлемдегі ең үлкен жүзбелі кран қолданылды

Қытайда Сянган – Чжухай – Аомэнь көпірін салу үшін әлемдегі ең үлкен жүзбелі кран қолданылды. Бұл туралы Қазақпарат жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Көпірді тұрғызу үшін 6,7 шақырымдық су асты тоннелінің құрылысы аяқталды.


6000 тонналық біріктіргіш блокты монтаждау үшін «Чжэньхуа-30» әлемдегі ең үлкен жүзбелі кран пайдаланылды. Оның су сыйымдылығы 260 мың тоннаны құрайды. Кеменің ұзындығы 297,55 м, ені – 58 м, ал жүк көтергіштігі – 12 мың тоннаға дейін жетеді.

 

 

(55)