Галактика жұлдызына Димаштың аты беріледі

Әйгілі Андромеда галактикасындағы бір жұлдызға Димаштың аты берілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қытайдағы «Димаштың әпкелері»(@迪玛希姐姐站_DimashSister)атты фанаттар тобы өздерінің Вейбо әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларында мәлім етті.

Мәлімет бойынша, олар Американың Name A Star Live жобасы арқылы Андромедадағы бір жұлдызды сатып алып, оны Димаш Құдайберген деген атпен жұлдыздар картасына енгізіпті. Бұдан бөлек олар бұл жұлдыздың атауын Space Service INC (SSI) тізіміне енгізіп үлгерген. Бұл тізім мәңгі SSI-дің ғарыштағы мұрағатында сақталады.

Фанаттар тобы бұл жұлдызды тосын сый ретінде Димашқа тарту етпекші. «Ғаламдағы ең жарық жұлдыз біздің ең сүйікті әншіміз Димаш үшін», – деп жазады қазақстандық өнерпаздың Қытайдағы жанкүйерлер.

Андромеда шоқжұлдызы ІІ ғасырдағы әйгілі грек-рим астрономы Птолемей белгілеген 48 шоқжұлдыздың, қазіргі анықталған 88 шоқжұлдыздың бірі болып саналады, біз тұратын Құс жолы жүйесіне ең жақын орналасқан алып жұлдыздық жүйе шоғыры есептеледі. Ол грек мифологиясындағы ару – Андромеданың атымен аталады.

 

 

 

 

(87)