Thomson Reuters компаниясы және қазақстандық акционерлік қоғам серіктес болды

Бизнеске арналған шешімдердің ғаламдық жабдықтаушысы ThomsonReuters және Қазақстандағы алғашқы “Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі” акционерлік қоғамы(АӨҚО РА)өзара ақпараттық серіктестік туралы шарт жасасты. Бұл шарт аясында Thomson Reuters Eikon терминалдарында АӨҚО РА сарапшыларының аналитикалық зерттеулері мен кәсіби коментарийлеріне қолжетімді болмақ.

 

Reuters

Кәсіпқойларға және бизнеске арналған аналитикалық ақпаратпен озық жабдықтаушы – Thomson Reuters компаниясы және “Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі” акционерлік қоғамы (АӨҚО РА) өзара серіктестік туралы келісімге қол қойды.

Бұл шарт негізінде Thomson Reuters және АӨҚО РА арасында өзара тиімді ақпараттық, аналитикалық және рейтинг саласында серіктестіктің негізін қалайды деп танылып, сонымен қатар екі компания үшін де жаңа мүмкіндіктер туғызады деп болжануда.

Өзара жасасқан келісімге сәйкес, Thomson Reuters Eikon терминалында жүйелі түрде АӨҚО РА экономика, банк, ірі кәсіпорындарға қатысты аналитикалық зерттеулері және Қазақстанның дамуының болашағы мен беталысы орналастырылады деп жоспарлануда.

Embargoed Research бөлімінен терминал қолданушылары Қазақстан нарығы туралы уақытылы, жан-жақты толық ақпарат ала алады. Бұл нарық қатысушыларының республиканың экономикалық әлеуеті және инвестициялық  мүмкіндіктер туралы хабардар болу деңгейін арттырады.

Бұлардан басқа Thomson Reuters Eikon терминалында және АӨҚО РА ресми сайтында жетекші сарапшылардың пікірлері, сонымен қатар әлемдік, өңірлік және өндірістік мәселелерге қатысты аналитикалық материалдар жарияланады.

«Thomson Reuters  компаниясы үшін Қазақстан бірден-бір  басым бағыттардың бірі және АӨҚО РА жасасқан серіктестік келісім компания стратегиясының бір бөлігі болып отыр. Біз әрқашан өзіміздің клиенттерімізге олардың маңызды сұрақтарына жауап беретін технологиялар мен сараптамалардықуана-қуана ұсынамыз; біздің миссиямыз – бір алаңқайда ақпараттардың кең шоғырына барынша ыңғайлы қолжетімділік ұсыну, бұл біздің флагмандық шешіміз болып табылатын –Thomson Reuters Eikonкомпаниясы. Мұндай келісімдер біздің клиенттерімізге қолжетімді, сенімді және мейілінше толық ақпараттар ұсынуымызға мүмкіндік туғызады», – деді Ресейдегі және ТМД елдеріндегі Thomson Reuters компаниясының басқарушы директоры Петр Марчевский.

“Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі” АҚ басқарма төрайымы Айгүл Тасболат айтқандай: «Қазақстан экономикасы саласының жағдайын зерттеу ең маңызды бағыт болып табылады, бұл өз кезегінде біздің экономикамыздың айқындығының деңгейін көтеріп қана қоймай, инвесторлар үшін түсінікті әрі алдын ал ақпаратттандыруға ықпалын тигізеді».

 

Thomson Reuters Eikon – бұл заманауи технологиялар базасында құрылған интуитивтік түсінікті ақпараттық терминал. Thomson Reuters Eikon қаржы және тауар нарығында келісімдер жасауға қатысты ойластырылған қадам жасауға көмектеседі, пайдаланушыны бағалар, оқиғалар, пікірлер туралы шұғыл ақпаратпен қамтамасыз етеді, ағымдағы нарық жағдайын жақсы түсінуге қажетті бірнеше тарихи деректерді сараптайды. Ақпараттық терминал әлеуетті іздеу технологиясын қолданады, бұл қажетті мәліметтерді шұғыл табуға көмектеседі, ал терминал интерфейсінің икемділігі пайдаланушыға жүйені жеке артықшылықтарына және жұмыс процесінің ерекшеліктеріне сәйкес икемдеуге мүмкіндік береді. Thomson Reuters Eikon пайдаланушылары өзара кәсіби қоғамдастық болып табылады, бұл оларға әрқашан әріптестерімен, халықаралық мамандармен және қаржы нарығындағы сарапшылармен, сонымен қатар барлық әлем бойынша өздерінің клиенттері мен контрагенттерімен байланыста болу мүмкіндігін ұсынады.

(34)