Қалжыңдаймын деп елшінің басы бәлеге қалды

CA news

Ауғанстанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мохаммад Фарук Бараки Астана әуежайында қалжыңдаймын деп басы бәлеге қалды. «Сөмкемде бомба бар» деп әзілдеген дипломат үш сағат бойы қамауда отырды. Сөйтсек, қызмет мерзімі аяқталған елші Кабулға кетіп бара жатқан екен. Әуежайда кеденшілердің «сөмкеде не бар?» деген сұрағына Мохаммад Фарук Бараки ашуланып «бомба бар» деп жауап берген. Экс-елшінің орынсыз әзілі төтенше шараларды қолға алуға себеп болса керек. Әуежайдың кіреберісі тез арада қоршауға алынып, оқиға орнына арнайы қызметтің 100-ге жуық қызметкері келіпті. ипломат үш сағатқа жуық қамауда отырған. Бұл іске Қазақстан СІМ қызметкерлері араласқаннан кейін ғана Бараки сапарын жалғастырыпты. Әлеуметтік желілерде болған оқиғаға қатысты түсініктеме берген бұрынғы елші бар жауапкершілікті әзілді түсінбеген әуежай қызметкерлеріне артқан көрінеді. Айтуынша, қызметкерлер оның жүгіне қатысты бірнеше рет сұрақ қойған және қалжыңды түсінбей, шын қабылдаған. Ауғанстан СІМ өкілдері әзірге бұған қатысты түсініктеме берген жоқ.

(7)