Мұсылман есімдерін қоюға заңмен тыйым салынды

Открытая Азия онлайн

Қытайдың Синьцзян Ұйғыр автономиялық ауданында жаңа туылған сәбиге қоюға болмайтын есімдердің тізімі шықты. Оның ішінде Ислам, Құран, Саддам, Мекке деген Ислам дініне қатысты есімдер бар. Егер ата-анасы балаға аталған есімдердің бірін қойса, ол балаларды денсаулық сақтау және білім беру мемлекеттік жүйесіне тіркемейді»,— деп хабарлайды The Guardian басылымы. Жергілікті БАҚ хабарлауынша, Синьцзянда мұсылмандар өте көп тұрады. Аудан билігі діни экстремизммен күресу мақсатында әйелдерге ниқаб, ал ер адамдарға «қалыпқа сай емес» сақал қоюға тыйым салған.

(102)