Маңғыстауда итбалықтар қырылып жатыр

Sputnik Қазақстан

Форт-Шевченко қаласының тұрғындары үш-төрт күн бұрын сүтқоректілердің 8 өлексесін тапса, кеше олардың саны 243-ке жетті. Жағаға шыққан итбалықтардың өлекселері бір-бірінен оншақты метр қашықтықта табылған. Мемлекеттік инспекторлар қазірше дабыл қағуға ерте деп бейқам отыр. Өйткені итбалықтар жаппай қырылды деп айту үшін бұл көрсеткіш аздық етеді екен. Сондай-ақ, олар теңіз жануарлары өлімінің бірнеше себебін атады. Сүтқоректілердің үлкен кемелердің астында қалып қоюы, эпидемияға шалдығуы, браконьерлер қолынан немесе кәріліктен өлуі мүмкін. Оның үстіне, теңіз жағасында табылған итбалықтардың өлімін инспекторлар бір-бірімен байланыстырып отырған жоқ. Маңғыстау аймақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі иснпекциясы басшысының орынбасары Қуанғали Ашахов: «Нәтижесі 1 айдан кейін шығады. Жұмыстың жүргізіліп жатқанына 10 күндей ғана болды. Олардың неден өлгенін тап басып айта алмаймын»,— деп отыр.

(10)