АҚШ: Тәлібтерді қаруландырған — Ресей

Азаттық радиосы

Сentralasian.org: «Кабулда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде Ауғанстандағы америкалық контингент қолбасшысы генерал Джон Николсон: «Ресейдің тәлібтерді әскери қарумен жабдықтайты жөнінде қолымызда айғақты деректер бар. Біздің дереккөздердің хабарлауынша, соңғы жарты жылда Мәскеу тәлібтерге ауыр пулеметі бар қару-жарақ тасымалдауды көбейткен. Онда бұл қару «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымына қарсы күресуге қолданылады делінген. Бірақ шын мәнінде тәлібтер ИМ іс-қимыл жасамайтын Гелманд пен Кандагар аймақтарында қолданылды»,— десе, АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттис: «Егер қару-жарақ ауған үкіметіне жеткізілмесе, шет мемлекеттен келетін қару-жарақ халықаралық заңды бұзған болып есептеледі»,— деді. Джим Мэттис тәлібтер ауған армиясының базасына шабуыл жасағаннан кейін, екі күннен соң Ауғанстанға барған-ды. Шабуыл кезінде 140-тан астам ауған сарбазы қаза тапқан. АҚШ қорғаныс министрі президент Трамптан америкалық әскер санын көбейтуді сұрауы мүмкін. Қазір Ауғанстанда шамамен 8400 америкалық сарбаз бар.

(122)