Абэ мен Трамп бірлесе жұмыс атқармақ

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға қатысты бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты. Жапон тарапы Пхеньянның жасамақ болған кез келген арандатушылық қадамына сәйкесінше жауап қатуға дайын деседі. Өйткені олардың қисынсыз жасаған қадамдары Корей түбегіндегі жағдайды онсыз да шиеленістіріп отыр. Соңғы баллистикалық зымыранның ұшырылуынан кейін БАҚ, Хамгён-Пукто ядролық полигон аумағында күдікті бастамалар бар»,— деп жазады Рейтерс агенттігі.

Ал Вашингтон олардың әскери нысандарына шабуыл жасауға дайын екенін осыған дейін-ақ айтқан. Сеул болса, артиллерияны анықтайтын радарды жасақтап шыққанын мәлімдеді. Жапония премьер-министрі: «Солтүстік Кореяның жанжал тудыратын қадамдардан бас тартуын талап етуді тоқтатпаймыз. Кеше Жапония қорғаныс күштері мен Carl Vinson бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын бастады. Біз АҚШ-пен байланысымызды үзбей, бақылауды жоғары деңгейде ұстаймыз»,— деген мәлімдеме жасады.

(33)