ШЫҰ-ға болашақта әлем халқының 40 пайызы кіреді

Сурет: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Жақында Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері бас қосқан жиында Үндістан мен Пәкістанның мүшелікке қабылдану мәселесі де күн тәртібіне енгізілді. Осыған орай РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Иран қазір БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі қойған санкцияға байланысты сұрақтарды шешті. Сондықтан бұл мемлекет Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі болу үшін қойылатын талаптарға сай келіп тұр. Маусым айында өтетін халықаралық ұйымның сапындағы мемлекет басшылары Иранның толық мүшелікке қабылдау мәселесін қарастырады деп сенеміз. Одақтың жаңа мүшелері ұйымның статусын көтеріп, беделін арттыра алады»,— десе, осы ұйымның Бас хатшысы Рашид Алимов: «Болашақта ұйымның құрамына әлем халқының 44 пайызы кіріп, әлемдік жалпы ішкі өнімнің 25 пайызын құрамақ»,— деп қосып қойды. Жиында қаралған жобалардың бірі —  экстремизмге қарсы конвенция. Жазда өтетін саммитте мемлекет басшылары бірлесе отырып, халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөнінде мәлімдемелер жасайды деген болжам бар.

(12)