“Реал” ойыншысы “Қайратқа” қолдау көрсету үшін видео түсірді

Сурет: Four Four Two

Испаниялық “Реал Мадрид” клубының атақты қорғаушысы Марсело алматылық “Қайрат” футзал клубына УЕФА кубогында сәттілік тілеп видео түсірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

“Төртеудің финалы” 28-30 сәуір аралығында Алматы қаласында өтеді.

“Сәлем, менің атым Марсело. Сендерге айтайын дегенім, футзалдан УЕФА кубогында мен “Қайратқа” жанкүйермін. Ал сен ше? Алға, “Қайрат”, – делінген Марселоның видеосында.

Айта кетейік, “Реалдың” қорғаушысы Марсело -“Қайраттың” қақпашысы Игитаның досы. Марсело осыған дейін алматылық командаға қолдау көрсетіп жүрген еді.

 

(15)