Қазақстандықтар Шүменовтың жекпе-жегін тікелей эфирде көреді

Сурет: kazinform.kz

Kazsport арнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниор Дортикос арасында өтетін бокс жекпе-жегінен тікелей эфир жүргізеді.

Жекпе-жекте қазіргі кезде Шүменовке тиесілі WBA (regular) белбеуі сарапқа салынады. Өз кезегінде Дортикос WBA уақытша чемпионы болып табылады. Бокс кеші 30 сәуір күні Лас-Вегас (АҚШ) қаласының “Palms Casino Resort” ойын-сауық орталығында өтеді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы үшін бұл 20-шы кездесу болмақ. Ал, Юниер Дортикос өзінің кәсіби рингтегі 22-ші жекпе-жегін өткізеді.

Трансляция Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

 

(163)