Су тасқынына ешкім кінәлі емес

Сурет: qazaquni.kz

Үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов журналистерге су тасқынын: «Қазіргі таңда кінәлілерді іздеудің қажеті шамалы. Биыл қар межеден 3 есе артық жауды. Өткен аптада жауын-шашынның кесірінен қар тез еріді. Салдарынан су қоймаларындағы судың деңгейі көтерілді. Екіншіден, жолдар су бөгетінің қызметін атқарды. Тасқын судың алды алынбады. Кейін жолдарды су шайды. Үшіншіден, су қоймасы мен платина арасында есеп дұрыс жасалмаған. Міне, осы жағдайлар су тасқынына алып келді.  Солтүстік Қазақстанда Ғабит Мүсірепов ауданында қиын жағдай тіркелді. Ақтөбе облысындағы су басқан саяжайлар өзеннің маңайында салынған. Ал тұрғындар  саяжайларды тұрғын үйге айналдырып, осы аумақта тұра бастаған. Көктемгі су тасқынынан Қазақстанның 7 өңіріндегі 52 елді-мекенге зиян келді. Ол — Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары. Салдарынан 1949 үй су астында қалып, 120 тас жолын су шайып кетті. Суда қалған тас жолдың 68-і қалпына келтірілді. Қазір қиын жағдай Ақмола облысында орнап отыр. Онда 26 елді мекендегі 893 үй су астында қалды. 2418 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Атбасар қаласындағы жағдай да қиын.  Мұнда Жабай өзеніндегі су деңгейінің бірден көтерілуі салдарынан өткен жылы салынған су бөгетін су шайып кетті. Осылайша, 269 тұрғын үй су астында қалды. Сондай-ақ, 130-дан астам тұрғын үйге су астында қалу қаупі төніп тұр. Су деңгейінің бірден көтерілуіне байланысты Астана су қоймасында 40-тан 1200-ге дейін текше/м су шығарылды. Бұл 30 есеге көп. Салдарынан Ақмола облысы Аршалы ауданындағы бір елді-мекен су астында қалды»,— деген дәлелдермен түсіндірді.

                                   

(56)