«Нұрлы жер» баспана мәселесін шеше ала ма?

Сурет: bnews.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов: «Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына барлығы 477 млрд теңге бөлу көзделген. Оның ішінде бюджет есебінен 320 млрд теңге, ал «Бәйтерек» холдингі арқылы 157 млрд теңге бөлінеді. Мемлекеттік бағдарламаның бюджеттік бөлігін атқару 99,7 пайызды құрады. Нәтижесінде 16,3 млрд теңге игерілді. Ал 146 млрд теңгеге, яғни жылдық жоспардың 46 пайызы көлемінде шарттар жасалды»,— деген ақпар берді. Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысына арналған «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Оның аясында қазақстандықтарға инженерлік инфрақұрылымды тартқаннан кейін 10 сотық жер беру қарастырылған. Аталған бағдарламаға қазіргі ипотекалық және тұрғын-үй жинақ тетіктері енгізіледі.

(20)