Латын әліпбиіне көшу – «орыс әлемінен» алыстауға мүдделі мемлекеттерден қолдау табу

Сурет: Forbes.kz

«Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі Назарбаевқа «орыс әлемінен» алыстауға мүдделі мемлекеттерден қолдау табуына және ұлттық өздестіруді бағалауына жол ашады» – деп хабарлайды aqparat.kz сайты ресейлік  саясаткер, Орталық Азия бойынша сарапшы Аркадий Дубновтың “Коммерсант ” басылымына берген сұхбатына сілтеме жасай отырып.

 Еске сала кетейік, 12 сәуір күні Елбасы қазақ тіліне арналған латын тілінің нұсқасын даярауды тездетуді тапсырды. 2017 жылдың соңына дейін дайын болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу процесі алдағы уақытта ұзаққа созылуы мүмкін, жалпы шығыны $115 млн.

«Қазақстан -2050» стратегия мәтінінде 2025 жылдарда латын әліпбиіне көшу туралы хабарлағанмын» – деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ векторы – қоғамдық сананың модернизациясы» мақаласында. Яғни, 2025 жылға дейін барлық құжаттар, мерзімді басылымдар, кітаптар латын әрпімен басылып шығуы керек. Назарбаевтың сөзінше, аталған қадамға дайындықты дәл қазір бастау керек: 2017 жылдың соңына дейін ғалымдар қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын жасап шығарады, ал 2018 жылы мамандар жаңа мектеп оқулықтарын дайындауға көшеді. Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшу қажеттілігі «XXI ғасырдың ғылым және білім процесі» талаптарына  сай туындап отыр деп түсіндіреді. «Ағылшын тілін оқып жатқан оқушылар латын әріптеріне үйреніп кеткен, сондықтан ешқандай мәселе туындамайды» – деп атап өтті.

«Ъ»(Коммерсант басылымы) жазуы бойынша, бұл уақытқа дейін латын әліпбиін қолданған, кейде арабша хат таныған, сондай-ақ Молдавияға да, 1939-1942 жылдары КСРО-ның барлық түрік тілді мемлекеттеріне кириллица әріптері енгізілген. Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжан және Молдавия – латын әліпбиіне қайтып келген. Кешірек, 2001 жылы Әзірбайжан латын әліпбиіне көшкен.

Сауалнама жасалған сарапшыларының пікірінше, барлық постсоветтік мемлекеттерге латын әліпбиіне көшу тиімді бола бермеген. «Графикасы өзгерген соң, Өзбекстан мен Түркменстанда әлемдік қауымдастықта ерекше интеграция байқалған жоқ», – деп мәлімдейді ТМД бойынша Орта Азия Институты бөлім басшысы Андрей Грозин. «Сыртқы саясат пен сауда саласында приоритеттер өзгерісі орын алмады. Бұған қоса, өзбек әріптестерім коммуникативтік артықшылығының да жоқ екендігін айтқан болатын». Ал «Оңтүстік Кавказ» (Баку) саясаткерлер клубы басшысы Ильгар Велизаде Әзірбайжан тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан басшылығының мақсаты Европамен жақындасу деп айтып өтті. «Біз латын әліпбине көшкенде, Түркияның латын әліпбиіне көшу арқылы еуропалық лингвистикалық алаңына өтудегі позитивті тәжірибесін ескердік» – деп мәлімдеді «Ъ» респонденті.

Қазақстанды Әзірбайжанмен немесе 1928 жылы Кемал Ататүріктің басқару кезеңінде араб әрпінен латынға көшкен Түркиямен салыстыру біраз жаңсақтық. Әзірбайжан мен түрік тілдері түрік тілдер отбасының оғыздық бөліміне жатады. Бірдей алфавитке өткен соң, әзірбайжандықтарға түрік тілін түсіну оңайға соқты. Ал қазақ тілі түрік тілдер отбасының қыпшақ бөліміне қатысты. Бұл деген түрік тілі мен қазақ тілінің түсінісу деңгейі орыс тілі мен поляк тілінің арақатынасындай.

«Латын тіліне көшу туралы Қазақстан басшылығы түркі әлемімен жақындасуды көздеп отырған жоқ. Менің ойымша бұл ішкі саяси ұстанымдарға байланысты. Мұндай қадам Назарбаевқа «орыс әлемінен» алыстауды көздейтін мемлекеттердің қолдауына және ұлттық өздестіруді бағалауына жол ашады», – дейді «Ъ» саясаткер Аркадий Дубнов. Ресей саясаткерлері Қазақстанның басқа да Орта Азиядағы көршілері секілді дәл сол әліпбиге көшуіне пікірталас жүргізіп жатқан жоқ.

Бөлек қарастырылып тұрған нәрсе – ауысудың қаржылық құны. Қазақстан билігі реформаның жуықтаған бағасын да келтірмей отыр. 2007 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің жұмыс тобы «республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының  қазақ тілінен латын тіліне өтуіндегі» жалпы шығындарын есептеген. Маңдайша жазуларының өзгертуі 35,959 млрд тенгені(қазіргі курс бойынша-$115,5 млн) құраған.

Қысқасы, бұл шартты бағалары. «Ешкім тез арады латын әліпбиіне көшейін деп жатқан жоқ. Егер болар болса, 10,20 немесе 30 жыл ішінде ауысу жүрсе, ешкім нақтты құнын айта алмайды.Ойымша, 3 жылдық бюджетте шығын жасалады, бірақ ол мардымсыз болмақ»-деп мәлімдеді Қазақстан инвестиция және даму бойынша министр орынбасары Рахым Ошақбаев.

Мақала авторы: Маржан Қырықбаева

(167)