КХДР: Соққыға соққымен жауап береміз

Сурет: daily express

Киодо агенттігінің мәліметінше, Корей Ұлттық армиясының вице-маршалы, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Чхве Рен Хе: «Америка арандатушылық әрекеттер жасайтын болса, біз де тез арада оларды жаппай талқандаймыз, жаппай қырғын соғысқа жаппай қырғын соғыспен, ядролық соғысқа ядролық соққымен жауап береміз»,— деп мәлімдеген көрінеді.  Қазіргі уақытта Пхеньянда мемлекеттің негізін қалаған Ким Ир Сеннің 105 жылдық мерейтойына арналған шеру өтіп жатыр. Бұл күн Солтүстік Кореяда мемлекеттік басты мейрамы болып саналады. Осы күнге орай Солтүстік Корея іс-шараға 200 шетелдік журналисті шақырған. Бұған дейін АҚШ-тың кезекті ядролық сынақтың алдын алу үшін Солтүстік Кореяның әскери нысандарына ескерту соққысын жасауы мүмкін екені айтылған болатын. Телеарнаның мәліметінше, АҚШ-тың барлау қызметі Пхеньян алдағы демалыс күндері кезекті ядролық сынақтар өткізеді деп есептейді. АҚШ «Томагавкы» бар әскери мина тасушыларын ядролық сынақтар өткізіледі делінген жерден 500 шақырым жерге орналастырған.

(233)