Жоғалып кеткен өзен құпиясы

 «Канада мен АҚШ ғалымдары Солтүстік Америка өзендерінің бірінің тартылып қалуының себебін анықтау үшін зеерттеу жүргізіп, аталған зерттеу қорытындысы Nature Geoscience журналында жарияланған да болатын»,— деп хабарлайды lenta.ru.

Мамандар Юконда орналасқан Слимс өзенінің мүлдеп тоқтап қалғанын 2016 жылы анықтаған. Өзеннің тартылу себебін олар: «Канададағы Каскавулш мұздығының материк түбіне түсіп кетуінен болған. Аталған табиғат құбылысы бірнеше мыңдаған жылдар орнап қалған ағынды канал жүйесін өзгерткен. Салдарынан мұздықтағы су Слимс өзені арқылы солтүстік бағытқа емес, оңтүстіктегі Каскавулш арқылы Тынық мұхитына қарай кеткен»,— деумен түсіндірген болатын.

 

(145)