Үсенов пен Өміряев түрмеден босап шықты

Сурет: nur.kz сайтынан

Сыбайлас жемқорлықпен айналысты деген айыппен сотталған «Астана ЭКСПО-2017» Құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов пен бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряев рақымшылықпен босап шықты. Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Өміряев пен Ұлттық компания департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновтің босап шыққаны туралы ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растап отыр. Бұдан бұрын ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряев мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарда көмек көрсеткені үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген айыппен кінәлі деп танылған. Үсеновке ұлттық компания қаражатын аса ірі көлемде иеленіп, ысырап ету жолымен 200 миллион теңге ұрлады деген айып тағылған еді.

(8)