Украина: Елде 9-ы мамыр мерекелік күн емес

РИА Новости: «Қоғамдық талқылаудан кейін ел заңына өзгертулер енгізіліп, Жоғары радаға жолданды. Осы жаға заңына сәйкес, 9-ы мамыр — Жеңіс күні мерекелік күндер санатынан алынып тасталып, ол жұмыс күні деп танылса, 8-і наурыз еңбек күніне ауыстырылды.  Мәселен,  ғарышкерлер күнін 19-ы қарашаға ауыстыруды ұсынған вице-премьер Вячеслав Кириленко: «Біз өз дүниетанымымызды украиндықтардың украиндар үшін жасаған әрекетіне қарай бағыттауымыз керек»,— деді. Украина билігі мұны Кеңестік қалдықтан толық арылу үшін істеп жатқандарын алға тартады»,— деп хабарлайды. Естеріңізде болса, бұрынырақта Украина билігі КСРО кезіндегі барлық құқықтық актілерді жоюды ұсынған-ды. 2015 жылы сөзден іске көшіп, Украина советтік қалдықтардан құтылу үшін заң қабылдаған. Ол бойынша КСРО-ның белгісін қолдануға тыйым салынған болатын. Барлық советтік және партия адамдарының ескеркіштері құлатылған. 2016 жылы қазан айында Украинадағы Ленниннің соңғы ескерткіші құлатылып тынған еді.

(32)