Тасқын судың әлегі

Сурет: azattyq.org сайтынан

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин: «Тасқын судың әлегі сәт санап күшейіп барады. Бүгінге дейін Қазақстан бойынша топан судан  1156 үйді су басып, 4715 адам қатерлі жерден қауіпсіз аймаққа көшіріліп, құтқарылған  Наурыз айының 30-ы мен сәуірдің 17-сі  аралығындағы ахуал осылай. Жағдай әсіресе Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында тым күрделі. Баспанасын тастап, үдере көшкен адамдар жергілікті әкімдік дайындаған бекеттерді паналауға мәжбүр. Абырой болғанда, адам шығыны туралы ақпарат жоқ. Судың екпіні аздап бәсеңдеген аймақтарда 900-дей адам үйлеріне қайтты. Иесіз қалған үйлердегі мүліктің тоналуына, яғни морадерлық әрекеттер орын алуына жол бермеуді қатаң қадағалап отырмыз. Жағдай күні-түні бақылауда. Су басқан ауыл аймақтардың барлығында да жергілікті атқарушы орган өкілдері мен полицейлер күні-түні кезекшілік жасауда»,— деген ақпаратты мәлім етті.

(21)