Тасқын судан зардап шеккендерге көмек қоры құрылды

Сурет: inform.kz сайтынан

Тасқын судан зардап шеккендерге көмек қорын жинайтын TaskynKomek тобының Астанада штабы құрылды. Бұл туралы қоғам қайраткері Мұрат Әбенов өзінің Facebook парақшасында жазды.

М.Әбенов: “Штаб құруды алғаш ұсынғандардың бірі  “Республика -Аймақ -Даму” қоғамдық қорының жетекшісі блогер Ғалым Байтоқ болды. Ол штаб үшін кеңсе берді және алғаш болып жылынатын заттар әкелді.  Хабарландырудан кейін зардап шеккендерге бей жай қарамайтын азаматтар көмек қолын созу үшін келе бастады”

Штаб туралы толық ақпаратты #TaskynKomek хэштегі бойынша және astanaopen.kz сайтынан таба аласыздар.

Штаб мекен- жайы: Астана қаласы, Қонаев көшесі 35, “Республика -Аймақ -Даму” қоғамдық қорының кеңсесі.

 

(25)