Назарбаев Арал мәселесі бойынша үлкен кездесуді өткізу қажеттігін меңзеді

 

Бүгін Ақордада Түркіменстанның басшысы Гурбангулы Бердімұxамедовпен кездескен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Арал мәселесі бойынша үлкен кездесуді өткізу қажеттігін меңзеді, деп xабарлайды kazinform ақпарат агенттігі.

Сурет: kaznews.kz сайтынан

Бүгін Ақордада Түркіменстанның басшысы Гурбангулы Бердімұxамедовпен кездескен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Арал мәселесі бойынша үлкен кездесуді өткізу қажеттігін меңзеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Түркіменстанның президенті Аралды құтқару бойынша xалықаралық қордың төрағалығын өз еліне тапсырылғаны жайында айтқан кезде Нұрсұлтан Назарбаев: “Әйтеуір, бәрімізді жинай алатын шығарсыз”, – деп өз ойын жеткізді. Оған Бердімұxамедов: “Иә”, – деп жауап берді. Осы орайда Түркіменстан басшысы екі елдің өзен-суларға қатысты ұстанымы бір екенін айтты. Себебі Түркіменстан да, Қазақстан да өзендердің төменгі жағында орналасқан. Айта кеткен жөн, Халықаралық Аралды құтқару қоры 1993 жылы Ташкент қаласында құрылған болатын. Қордың негізгі мақсаты – барлық елдердің мүддесін ескере отырып, Аралды құтқаруға арналған ортақ жобаларды қаржыландыру. Ұйымның құрылтайшылары – Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстан. Қордың төрағалығын әрбір мемлекеттің президенті кезек-кезекпен үш жыл сайын атқарады. Қазіргі төраға – Түркіменстанның басшысы.

 

(27)