Иран: М.Ахмадинежад президенттіктен үміткер

Өткен аптада Иранның ішкі істер министрлігінде 19-ы мамырда өтетін президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеу басталды. Ислам мемлекетінің ата заңына сай, ел президенті болып жасы 40-тан асқан, исламды жақтаушы кез келген Иран тұрғыны сайлана алады. Үміткерлікке өтініш бес күн бойы қабылданады. Ең бірінші күннің өзінде 100-ден астам үміткер тіркелген. Есімдері сайлау бюллетендеріне енетін үміткерлердің нақты тізімін елдегі ықпалды Бақылау кеңесі бекітеді. Сол тізімде Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад пен оның бұрынғы екі орынбасары Хамид Багаи және Масуд Зарибафан аты-жөндері де бар. Ел басқарған тұста Ахмадинежад жұмысқа автобуспен барып, таңғы асын үйінен тасыған. Қазір экс-президент университетте дәріс оқып жүр. Отставкаға кеткеннен кейін ол тіпті президенттік зейнетақыны алудан бас тартқан. Ол бұл әрекетін зейнетақы үшін емес, халқына еңбек еткенімен түсіндірген болатын. Оның билік еткен тұсында кез келген министр лауазымға тағайындалмас бұрын бірнеше талаптардан тұратын құжатқа қол қойған екен. Оның бірінде министрдің байып кетуге құқығы жоқ екені, оның туыстарының шоты ұдайы тексерілетіні көрсетілген. Бүгінде ол айына 250 доллар жалақы алады. Бос уақытында қой бағып, аула сыпырушыларға қол ұшын тигізгенді жөн көреді екен.

(43)