Әкім Түймебаев неге «шошыды»?

Сурет: Uaqyt.kz сайтынан

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына жасаған сапары барысында қайта жаңғыртудан өтіп жатқан өндіріс орнының ахуалы туралы мәжіліс өтті. Оған министрмен қатар ОҚО әкімі, зауыт басшылығы мен жаңғырту жұмыстарын жүргізуші «СРЕСС» мердігер компаниясының вице-президенті және тағы да басқа сала мамандары қатысты. Мәжіліс барысында мердігер компания өкілі Му Хуадун жаңғырту жұмыстарына 4 мың жұмысшы тартылғанын мәлім етті. Бір қызығы, оның 3 мыңы қытайлық азаматтар болса, 1 мыңы ғана қазақстандықтар екен. Мұны естіген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі «шошып» кетіп: «Бұл — талапқа сай емес, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты ең ірі салық төлеуші өндіріс орнының біріне айналып отыр. Мұнда жергілікті жұмысшылардың үлесі көбірек болуы қажет. Ол үшін облыс орталығындағы кәсіптік техникалық мамандандырылған колледжді өз қамқорлықтарыңызға алып, жұмыс жасағандарыңыз дұрыс,— деген уәжді алға тартты.

Айта кетерлігі, Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту жұмыстары келер жылы аяқталады.

(43)