Елдің бірнеше өңірі су астында қалды

Сурет: Baq.kz сайтынан

Көктем шығысымен еліміздің бірнеше өңірін су басып, қаншама адамның үйі су астында қалды. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, өлместің күнін кешуде. Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов: «Төтенше жағдайлар қызметтері қарбалас сәттерді бастан өткеруде. Ақмола облысының Атбасар қаласында 150 адам қауіпсіз жерге көшірілсе, осы облыстың Аршалы ауданында да тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, жауын-шашынға қарсы түрлі шаралар қолға алынған. Ақтөбеде Ілек өзеніндегі су тасқыны салдарынан «Госсветсеть», «Қарғалы», «Ақсуат» секілді бірнеше бау-бақша ұжымшарларындағы үйлерді су басып қалып, 300 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ақтөбе қаласының іргесіндегі саяжай аумақтарын су басып, 50-ден астам адам эвакуацияланған. Саяжай аумағында 600-ден астам аула бар. Тұрғындардың айтуынша, қазір 40 үйді су басқан. Оған жақын маңдағы Сазды су қоймасы деңгейінің соңғы бір тәулікте  бір жарым метрге көтерілуі себеп болған. 16-ы сәуір күні Екібастұз ауданы «Шандақсор» су қоймасындағы мұз жару кезінде қалып қойған 8 балықшы құтқарылды. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында орын алған су тасқынының салдарынан 137 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғи апаттың алдын алу шаралары әрі қарай жүргізілуде»,— деп мәлімдейді.

(13)