Арнайы курстан өтпесең, некең қиылмайды

Сурет: ult.kz сайтынан

Бас прокуратурада ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықованың төрағалығымен ҚР Президентi жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған кеңейтiлген отырысы өтті. Жиында сөз алған Бас прокурор Жақып Асанов: « үйленетiн жастарға мiндеттi курстан өтудi ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. «Сүйдiм, күйдiм деген екi жас көп ойланбай үйленедi. Басында бәрi тамаша, кейiн көңiлдерi қалып, олар дау-жанжалға, тiптi қол жұмсауға барады. Арты — сот, балалар бөлiнедi, құдалар ажырайды, мүлiкке таласады. Ажырасу жағынан Қазақстан алғашқы жағымсыз ондықтың iшiнде. Басты себеп — отбасы деген не, бақыттың құпиясы неде екенiн жастар бiле бермейдi. Сондықтан, үйленемiн деушiлерге арналған мiндеттi курс болуы керек. Олар бұдан өтпесе, неке қиылмауы керек. Мұндай тәжiрибе көптеген елдерде бар. Мысалы, Сауд Арабиясы, Малайзия, Италия, Латвия мен бiрқатар басқа елдерде.  Сондықтан, үйленемiн дейтiндер осындай курстардан өтетiн болса, онда олардың бойына Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтқан 5 қасиеттi сiңiруге болады. Олар қандай қасиеттер десеңiз: бәсекеге қабiлеттi болу, прагматизм, ұлттық сана-сезiм, бiлiмдi болу, өзгерiстерге дайын тұру»,— деп, тығырықтан шығудың 7 жолын ұсынды.

(25)