Қазақстанды орыстілді БАҚ жаулап алды

Алаш айнасы сайтынан

Жақында жарияланған  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы қазақ әліпбиін біртіндеп латынға көшіру жөнінде айтты. Соған қатысты өз ойымен бөліскен қоғам қайраткері Көпен Әмірбек: «Елбасы ұлттық құндылықтар мәселесін бүгін ғана көтеріп жатқан жоқ. Осы мәселенің қайта көтерілуі өте қуанарлық жағдай. Мен латын әліпбиіне көшуді толығымен қолдаймын. Өйткені, Қазақстанды 5 мыңнан артық орыстілді БАҚ жаулап алды. Олар біздің жастардың, қазақстандық оқырмандардың сана-сезімін улап бітті. Ұлттық болмыстың барлығын жойып жатыр. Егер біз Өзбекстан, Әзірбайжан мемлекеттері сияқты латын қарпіне көшсек, онда Ресейден кирилица қарпімен жазылған материалдарды ешкім оқи алмайды. Біз ұлттық жаңғыру дегенді қалай түсінуіміз керек? Ол — ұлттық сананың кемелденуі. Ол үшін латын әліпбиіне көшуіміз қажет»,— дейді.

(31)