Бізде спорт дамып жатқан жоқ, спортшы байып жатыр

depositphotos

Біздің қазақ аты бәйгеден келсе, балуаны жықса, салған құсы мен иті аң алса, есі шығып бір қуанады. «Қазіргі күні не өзгерді?» — деген сауалға келсек, бүгінде біз спортшыны ғалымдар мен мұғалімдерден де артық дәріптейміз. Сол спортшыны күту үшін жалау ұстап желпілдеп жүргендер де мұғалімдер. Бізде академиктердің пәтері жоқ болуы таң қалдырмайды. Керісінше, халықаралық деңгейдегі жарысты ұтқан спортшы Алматы мен Астанадан екі-үш бөлмелі пәтер, астына көлігін алады. Бір сәт ойланып қарайықшы. Қоғам үшін қайсысы пайдалы?! Мемлекет олимпиада чемпиондарына 250 мың доллар, пәтер және құны 80-90 мыңдық көлік мінгізеді. Шамамен алтынның құны 400 мың доллар. Бір адамға сыйақы беру арқылы спортты дамытып жатырмыз-мыс. Жо-жоқ! Спорт дамып жатқан жоқ, спортшы байып жатыр. Бір олимпиада чемпионына берілетін қаржы бір ауылға спорт кешені мен бассейн салып беруге жетеді. 70 мың адамы бар Қазалы ауданында бір бассейн жоқ. Бірақ бізде статистика бойынша әрбір екінші адам спортпен айналысады… Біз білімді жастарды спортшының алдына шығарып, дәрежесін көтергенде ғана ел боламыз. Әйтпесе, өзбек пен қытайды сабағаның абырой емес.

Берікбол Төлеген

(35)