Президент тапсырмасы орындала ма?

Ақордада өткен Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Ұлттық банкке: «Валюталық және ипотекалық қарыз алушылардың проблемасы шешілсін. Теңгенің айырбас бағамы өзгеруіне қатысты жағдайларда іс-қимылдың нақты алгоритмі пысықталсын. Ипотекалық несие бойынша қайта қаржыландыру бағдарламасының іске асырылуы,  азаматтардың қаржылық жауапкершілігін арттыру аса маңызды. Қаржы секторындағы тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған қатерлерге назар аудару керек.  Ұлттық экономиканы дамыту қарқыны әлі де жеткіліксіз. Еліміздің банк секторын сауықтыру жөнінде шаралар қабылдауды тездету керек. Қажет болған жағдайда, акционерлер өз банктерін нақты ақша арқылы қайта капиталдандыруға тиіс. Сондай-ақ, олар әлсіз банктерді біріктіруге бейімделуі тиіс. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда Үкімет пен Ұлттық банктің алдына әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөнінде міндет қойылды. Ол үшін Оңтүстік Корея сияқты әлемнің бірқатар елдерінің табысты тәжірибесіне сүйену қажет. Бірақ инфляцияны кезең-кезеңімен төмендету 3-4 пайыз деңгейінде болуға тиіс»,— деп шегелеп айтты.

(11)