Келер жылы мұнай өнімдерін сырттан тасымаймыз

Шымкент мұнай өңдеу зауытына барған кезінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев: «Келер жылы Қазақстан мұнай өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз етеді. Зауыттағы жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі шілдеде аяқталады. Нәтижесінде мұнай өнімдері бұрынғыдан әлдеқайда артық өңделеді. Сапасы да талапқа сай болады. Павлодар мен Атыраудағы зауыттарда жүріп жатқан жаңғырту жұмыстары биылдан қалмай бітеді. Соның нәтижесінде 2018 жылдан бастап еліміздегі бензин бағасын реттеуге мүмкіндік артады. Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты ел нарығының 30 пайызын қамтамасыз етіп келеді. Жаңғырту жұмыстарынан соң мүмкіндігі тағы 5 пайызға артады деген болжам бар. 31-і наурыздан бастап жоспарлы жөндеуге жабылған зауытта жаңғыртудың екінші кезеңі қарқын алды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде зауыт жылына 6 млн тоннаға дейін шикізат өңдейді. 2 миллион тоннадан астам АИ-92 маркалы бензин шығарылатын болады, сол кезде Қазақстандағы мұнай өнімдері экспортқа да шығарылады.  Дизель отынымен де өзімізді ғана емес, Орталық Азияны және Ауғанстанды қамтамасыз ете аламыз»,— деп сендірді.

(14)