Қазақстан газы заңсыз шекара асып жатыр

ҚР Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев: «Қазақстан мен көрші елдердегі газ бағасының айырмасы жер мен көктей. Сондықтан газ контрабандасына жол беріліп отыр. Ресейде сұйытылған газдың көтерме бағасы тоннасына 125 мың теңге, ал Тәжікстан нарығында 107 100 теңгені құрайды. Ал біздегі баға тоннасына 31 360 теңге. Бұл ішкі нарықты газбен қамтып отырған өндірушілер үшін тиімсіз. Онда газ өндірудің өзіндік құны тоннасына 32 мың мен 47 мың теңге аралығында. Министрлік келесі жылдан бастап сұйытылған газ бағасын мемлекеттік реттеуден алып, еркін саудаға шығаруды жоспарлап отыр. Біз оған кезең-кезеңімен өтеміз. Ол 2-2,5 жарым жыл уақытты алады. 2018 жылдан бастап 80-де 20 пайыз есебімен жүреді, яғни 20 пайызы нарық бағасымен сатылады. Кейін 50 де 50, соңғы жылы 100 пайыз мемлекеттік реттеуден алынады. Біздің жоспарымыз осындай. Бұған өзгерістер де енуі мүмкін»,— деп мәлімдеді.

(19)