Түркия Сириямен шекараға бетон қабырға тұрғызды

ТАСС: «Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі Сириямен арадағы шекараға бетон қабырға тұрғызу кезеңдерінің бірі аяқталғанын хабарлады. Өткен жылдың соңында Түркиягың қорғаныс министрі Фикри Ышык 2017 жылдың орта тұсында қабырға құрылысы толықтай аяқталатынын атап өткен еді. Сириялық шекарада барлығы 825 шақырым бетон қабырға салу жоспарланған. Аталмыш шекаралық бөгет — салмағы 7 тонналық, ені 2 және биіктігі 3 метр болатын тікенді сымдармен қоршалып, бетон блоктардан тұрғызылған. Қабырғаның әрбір 300 метрінде барлық заманауи техникалық бақылау құрылғыларымен жабдықталған мұнаралар тұрғызылады. Сондай-ақ, мұнараларда автоматты пулеметтер мен заңбұзушыларға дауыстап хабарлайтын жүйе орнатылған. Ведомство өкілдері бұл қабырға сириялық террористер мен контрабандашылардың шекараны заңсыз асып өтуіне қарсы салынып отыр деп хабарлады»,— деген ақпарат таратты. Сондай-ақ министрлік: «Шекараның физикалық қауіпсіздік жүйесі аясында Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік басқармамен бірлесіп жүргізіліп жатқан Сириямен шекарадағы 556 шақырымдық бетон қабырғаның құрылысы аяқталды»,— деп хабарлады.

(10)