Н.Назарбаевқа Қасиетті Қағбаның жамылғысы сыйланды

nur.kz сайтынан

Ақордада президент Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелдік 7 елші сенім горамоталарын тапсырды. Осы орайда Сауд Арабия елшісі Захир бен Мутиш әл-Анези Елбасыға Қасиетті қағбаның жамылғысын тарту етіп: «Мен үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу жоғары мәртебе. Сенім грамотасын тапсырғаным үшін өте қуаныштымын»,— деді. Елбасы болса Сауд Арабиясы королі жолдаған Қасиетті Қағбаның жамылғысын қуанышпен қабылдады. Осы орайда елші ахир бен З.Мутиш әл-Анези Ақордаға Сауд Арабиясынан арнайы хат алып келгендігін де алға тартып: «Сауд Арабиясы королінің Қазақстанға ресми сапармен келуі жайында хатын жеткіздік. Осы сапар жақын арада орындалады деп үміттенеміз»,— деп, барша отандастарының сенімін білдірді.

(31)