Индонезия астанасын ауыстырмақ

Шетелдік БАҚ-тар: “Индонезия билігі ел астанасын Джакартадан басқа қалаға көшірмек. Бұл мәселе көптен бері талқыға салынған болатын. Бірақ билік нақты істі енді ғана қолға алып отыр. Астанаға лайық-ау деген бірнеше қалалар қарастырылуда. Соның бірі Орталық Калимантан провинциясында орналасқан Паланкараая қаласы. Назарға іліккен қалалардың бәрі Джакарта қаласы орналасқан Ява аралынан тыс жерде. Нақты шешім жыл соңына дейін қабылданбақ»,— деп хабарлайды. Жалпы, мемлекет астанасын ауыстыру мәселесін 1945-1967 жылдары президент болған Сукарно да көтерген. Астананы ауыстыруға ең басты себеп — халық санының көптігі. Қаладағы кептелістен көлік жүргісіз. Ява аралы Индонезия аумағының 7 пайызын құрайды. Ал мұнда елдегі 245 млн халықтың 60 пайызы тұрады. Екінші бір себеп — Джакартаның жағалауда орналасуы. Сондықтан астана маусымдық жауын-шашын кезінде су тасқынынан зардап шегеді. Сондай-ақ қазіргі астана сейсмикалық қаупі жоғары жерде орналасқан, астананы ауыстыруға осы да себеп болып отыр.

(11)