Жүргізуші куәлігі мерзімі бітсе, енді қайта емтихан тапсырмайсыз

ҚР Парламенті Мәжілісінде «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Соған байланысты Мәжіліс депутаты Қанат Мусин: «Мәжіліс депутаттары аталған заңға енгізілуі тиісті 120-дан астам түзетуді қарастырды. Нәтижесінде оның 55-і қалып отыр. Заңда жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды азайту, құжаттарды тексеру барысында көлік жүргізушіге  фото және бейнетүсірілім жасауға рұқсат беру, күндізгі уақытта елді мекендер ішінде жүрген кезде көліктің жақын жарығын қосу міндетін алып тастау, ішкі істер органдарының қызметкерлері тоқтатқан жағдайда  оның рұқсатынсыз жолаушылардың көліктен шығуына тыйымды алып тастау, жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда қайта емтихан тапсыру талабын алып тастау  көзделген»,— деген жаңалықтармен бөлісті.

(14)