Еуропалықтар Ердоғанның есі дұрыстығына күмәнді

24tv.ua сайты: «Еуропалықтар Түркия президенті Реджеп Ердоғанның ақыл-есі дұрыстығына күмәндана бастады. Бұған оның Германия мен Нидерланд елдерін «нацизмнің немерелері» деп атағаны түркі салған сынды»,— деп хабарлайды. Ердоған  Еуропадағы түрік сайлаушыларын референдумды қолдауға шақырып: «Мен Еуропада дауыс беретін бауырларым мен қарындастарымды фашистік езгіні таңатындар мен нацизм немерелеріне жауап беруге шақырамын. Біз 3 немесе 4 еруопалық фашистке еліміздің ар-ожданына нұқсан келтіруіне жол бермейміз. Елдегі түріктерге үгіт-насихат жүргізуге жол бермеген Нидерланд мемлекетін жазалаймын»,— деп қоқан-лоққы көрсеткен. Екі елдің өкілдері де бұл мәлімдемеге реніштерін білдірген. Айта кетерлігі, Ердоғанның аталмыш елдерді сынға алуы алғашқы рет емес. Өйткені, бұл елдер өз аймағында Ердоғанның президенттік құзырын кеңітетін конституцияға өзгерістерді қолдау кампаниясын өткізуге тыйым салған. Соған шамданған Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельді де нацистік шаралар қолданады деп тікелей айып, 19-ы наурыз күнгі сөйлеген сөзінде: «Сен де менің Германиядағы түрік бауырларым мен қарындастарыма, еліңе барған депутаттарым мен министрлеріме нацистік шаралар қолданудасың»,— деген болатын. Осыған орай Германия канцлерінің қоластындағы қызметкер Юлия Клекнер президенттің ақылы орнында екеніне күмән келтірген.

(22)