Елбасы: «Төлей алмасаң, кредит алма»

Ұлттық банктің жұмыс қорытындысын талқылау кезінде үкімет пен екінші деңгейлі банктерге қазақстандықтарды масылдық әдетінен арылтуды тапсырған Нұрсұлтан Назарбаев: «Қайта қаржыландыру бағдарламаларына 130 миллиард теңге жұмсайтынбыз. Қазір 21 мың адал емес қарыз алушы бар. 19,5 мың адамға қарыз төлеу жеңілдетілді. Негізі кредит төлемеу — қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Бізде мұны ешкім түсінбейді. Төлей алмасаң, кредит алма. Алдың ба, қайтару керек. Әркім өз ісіне жауапты болу керек. Ешкім ипотекалық кредит ал деп зорлаған жоқ. Мемлекетке қаржы құятын сала жетерлік, осы халық үшін, экономиканы дамытуға, индустриализацияға. Сондықтан мұны қатаңдату қажет, тексеру керек. Екінші деңгейлі банктер, адамдарды масылдық әдетінен арылтыңдар. Үкіметке де берілетін тапсырма осы»,— деді.

(26)