ДАИШ-қа қосылғандар азаматтығынан айырылады

nur.kz сайтынан

Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ экстремистік тобына қосылған қазақстандықтар азаматтығынан айырылады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «МИР» телеарнасына берген сұхбатында: «Қазақстан заңына сәйкес, егер біздің елдің азаматы басқа елге кетіп, қандай да бір экстремистік ұйымға кірсе, отанына енді қайтып орала алмайды: автоматты түрде азаматтығынан айырылады. Бұл — мәжбүрлі шара. Қазақстаннан ДАИШ тобында 500-600-ге жуық адам бар, ал бұрынғы Кеңес одағы елдерінен – бес мыңға дейін. Адамдар лаңкестердің қатарына қосылмау үшін, ең әуелі, тиісті шараларды қолға алу қажет. Біз ДАИШ-тан оралғандармен профилактикалық жұмыс жүргізуге тырыстық, бірақ, бұл еш нәтиже берген жоқ. Сол себепті оларды елге қайтып кіргізбеу туралы шешім қабылдадық»,— деп атап өтті.

(4)