Ақтөбеде жетім балаларға жәрдемақы төленбей келген

Aktobenews.kz.: «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мәселесін қараған облыс прокурорлары бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Прокурорлық тексеру кезінде 60 кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды және мүліктік құқықтары қалпына келтірілген»,— деп хабарласа, облыстық прокуратураның баспасөз қызметі: «Құқық қорғау мекемесінің мамандары қаладағы 5 мектепті зерттеп, проблемаларды анықтады. Қабылданған шаралар нәтижесінде аталған мектептерде іс жүзінде оқушылардың сабаққа 70 пайыз қатысуының орнына 100 пайыз қатысуы қамтамасыз етілді. 4,5 мың оқушы немесе 73 пайызы әртүрлі секциялар мен үйірмелерге тартылды. 20 мұғалімді қайта даярлау жүргізілуде, Ақтөбе гуманитарлық колледжінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 46 педагог даярлықтан өтуде. Прокурорлық тексеріс кезінде 32 жетім бала тұрғын үй алу үшін есепке алынған. Сонымен қатар, көпсалалы колледжде оқитын 7 жетім балаға 224 мың теңге сомадағы тиесілі жәрдемақысы төленді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың істеріне қатысты Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары да тәртіптік жауапқа тартылды», — деген мәліметті жария етті.

(12)