mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қытай нарығы тауық аяқтарымен толмақ

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Түркi тiлдес елдердiң Iскерлiк кеңесiнiң бесiншi отырысында берген сұхбатында: «Қазiргi таңда Түркия мен Ресей кәсiпкерлерiнiң арасындағы қарым-қатынас әлi онша түзелген жоқ. Жақында Түркия Ресейден шығып жатқан бидайға шектеу қойды. Бiздiң ойымызша, Ресей жағынан да Түркиядан келiп жатқан тауарларға шектеу қойылуы мүмкiн. Бiз Түркиямен бiрлескен кәсiпорындар құруымыз керек. Түркияда тәжiрибе мол, әсiресе ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу саласында тәжiрибе жеткiлiктi. Мысалы, нарықтарға, оның iшiнде Ресей Федерациясына қарасақ, Түркиядан өте көп өнiм, әсiресе дайын тауарлар импортталады. Сондықтан бiрлескен кәсiпорындар құрып, көршілес Қытай мен Ресей нарығына жөнелту қажет. Ресей мен Қытай сияқты iрi елдерден түсетiн сұранысты қанағаттандыру үшiн Қазақстан көршi елдермен бiрiгiп жұмыс атқаруы керек. Олардың қатарында Орталық Азиядағы көршiлер — Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан бар. Түркия болса, бiзбен тiлiмiз ұқсас, мәдениетiмiз, дiнiмiз бiр бауырлас ел. Осылайша, аталған көршi елдермен кооперацияланып, жақын iрi елдердiң нарығына шығуымыз керек. Қытай мен Ресейден азық-түлiкке сұраныс өте көп. Ал Қазақстан осындай сұранысты қанағаттандыра алмай отыр. Сол себептен Қазақстан Түркиямен бiрiгiп, жобалар жасауда. Сондай жобалардың бiрi — термиялық өңделген тауық аяқтары өнiмiнiң өндiрiсi. Қазақстан мен Түркия бұл өнiмдермен Қытай нарығын қамтамасыз етпек», — деді.

Осы отырыста Қазақстан мен Түркия арасында бiрлескен сауда-өнеркәсiп палатасын құру туралы меморандумға қол қойылды.

(12)