mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Трамп: АҚШ КХДР мәселесін Қытайсыз-ақ реттей алады-мыс

Трамп: АҚШ КХДР мәселесін Қытайсыз-ақ реттей алады-мыс

2 сәуірде Financial Times басылымына берген сұхбатында Д.Трамп: «Жақында, яғни 6-7 сәуірде Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесемін. Қытай Солтүстік Кореяға ықпал ете алады және Пекин біздің Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мәселесін реттеуге көмектесу, иә көмектеспеу туралы бір тоқтамға келуі керек. Егер көмектессе, онда бұл Қытайдың өзі үшін өте жақсы болмақ. Қытай Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты қатаң саясат ұстана алмаса, біз онымен өзіміз айналысуға дайынбыз, оны біз Қытайдың араласуынсыз-ақ реттей аламыз», — деп мәлімдеді. Трамп пен Цзиньпин Корей түбегіндегі жағдаймен қоса, бірқатар күрделі мәселелерді де талқылайды деген болжам бар. Сонымен қатар күн тәртібінде Оңтүстік Қытай теңізіндегі территориялық дау мен сауда мәселелері қаралмақ. Трамп президент сайлауы кампаниясында Қытайды әділетсіз сауда-саттық саясатын жүргізіп отыр деп айыптап, қытай тауарларына импорттық салықтың көбейтілетінін мәлімдеген еді.

(5)