Сәкен Майғазиевтің бала кездегі арманы

Saken2Қазіргі күні ел алдында жүрген танымал жандардың қандай да бір іс-әрекеттері назардан тыс қалмақ емес. Әсіресе әншілердің өмірін жіті қадағалап, әлеуметтік желілерде бөліскен суреттерінің астына түрлі пікірлер қалдырып, өзара қырық пышақ болатын жұртшылық үшін жұлдыздардың өздері де, өмірлері де қолжетімді болып қалғандай. Сонымен, атақты әнші Сәкеннің балалық арманы қандай болды деген сауалға келер болсақ, қазақ эстрадасының шоқ жұлдыздары Мақпал Жүнісова мен Роза Рымбаева сияқты әншілермен бір сахнада жүргені үшін «Бала кезімде осындай ұлы тұлғалармен бір сахнада жүремін деп ойламаған шығармын» деп, қос әншімен суретін көпшілікке бөлісті. Ал Мейрамбек Бесбаев болса, өз парақшасында: «Отбасы ажырасқанда әйелі де, ері де жолдарын тауып кетеді. Сергелдеңге салынатын тек қана бала… » деп, отбасы құндылығын көтереді. Әрине, мыңдаған жастар оқитынын ескерсек, ел аузындағы жұлдыздардың осындай өрелі ойларымен жастарды тәрбиелеуге ықпал ететіні рас.

(35)