«Қазақстан-Петропавл» телерадио арнасында аға тілші, редактор, облыстық «Солтүстік Қазақстан» газет газетнде аға тілші, қоғамдық-саясат, экономика бөлімдерінің редакторы. 2009 жылдан бері «Қазақстан ZAMAN» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, Қазақстан Журналистер одағының, ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен, Ақрапат және байланыс министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған, облыс әкімі сыйлығының иегері.

«СҚО-да жасалған» маркасымен шығарылған өнімдер Қазақстан мен Ресейдің нарығын белсенді игере бастады

Облыс орталығында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдас-тыруымен кезекті баспасөз туры өтті. Журналистердің алғашқы ат басын тіреген нысаны «Сладкая сказка» ЖШС болды. Кәсіпорын басшысы Алексей Новиков аталмыш шараға қатысушыларды өндіріс орнымен таныстырды.
«Сладкая сказка» ЖШС 2006 жылы құрылған. Компания жұмысқа кіріскен кезде өндірісте 2-3 машина ғана өнім өндіретін. Қазір кәсіпорындағы 8 учаскеде 50-ден астам адам еңбек етеді. Фирмадағы орташа айлық еңбекақы 60 мың теңгені құрайды. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Алексей Новиков мемлекеттік қолдаудың артықшылығын алға тартты.
— Осыдан 4 жыл бұрын «Аграрлық несие корпорациясынан» кредит алғанбыз. Ол тиімді қарыз болды, төлем кезінде ешқандай да іркіліс болған жоқ. Біз тағы бір кәсіпорын, «Кондитер Макс СК» кондитер цехын сатып алдық, онда қазір 18 қызметкер еңбек етеді, — дейді ЖШС басшысы.
Өнімнің 90 пайызын қазақстандық шикізат құрайтындығын атап айтқан жөн. Кәсіпорынның соңғы жаңалығы — бір қорапқа салынған әртүрлі тәттілердің жиынтығы, ол тұтынушыларға да қолайлы. Мұнда 200-ден астам өнім түрі шығарылады. Олар: печенье, пастильді бұйымдар, мармелад, кәмпиттер, пряниктер, кекстер, торттар, орамалар, шығыс тәттілері, шербеттер және тағы басқалар. Өнім Қазақстаннан тысқары Ресейге де шығарылады.
Баспасөз туры кезінде журналистер «Казмолторг» ЖШС-нің «Славное» сүтін өндіретін зауытына да арнайы соқты. Зауыт директоры Вячеслав Котловский қонақтарды жұмыс үдерісімен таныстырды. Кәсіпорын майлылығы 2,5% және 3,2% болатын сүт, сол сияқты айран, ірімшік, сары май, сулугуни сырын, сүзбе шығарады. Барлық өнім табиғи. Мысалы, сары май-дың майлылығы МемСтандарт бойынша 72,5%-ды құрайды. Ол өсімдік майының қоспасынсыз әзірленеді.
«Славное» нарыққа жаңада ғана шықса да, өзінің тұрақты тұтынушыларын тауып үлгерген көрінеді. Бүгінгі күні «Казмолторг» ЖШС «Метрополис» және «Магнит» дүкендер желісі кіретін Қорған қаласымен белсенді әріптестік орнатқан. Сондай-ақ, серіктестік өнімдері Астана және Омбы қалаларында да сұранысқа ие.
— Таяу уақытта қаймақ орайтын аспап сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, нарыққа өз қаймағымызды шығармақшымыз. Сол сияқты жаңа өнімдерді игеріп жатырмыз. Қаламыздағы дүкен сөрелерінен біздің іріткіні де көретін күн жақындап келеді, — дейді Вячеслав Денисович.
Сүт зауыты шикізатты жергілікті шаруа қожалықтарынан сатып алады. Бір күнде шамамен 5 тоннадай. Сүт дайын өнім сияқты зертханада сараптамадан өтеді. Кәсіпорында 50 шақты адам жұмыс істейді. 2016 жылы кәсіпорын 703 тонна өнім шығарса, тек үстіміздегі жылғы қаңтар айында 80 тонна өнім өндірді. Бір айда 300 тоннадай өнім өндіретін кәсіпорын, алдағы уақытта оны 800 тоннаға жеткізуді жоспарлауда.
Баспасөз турының соңғы аялдамасы «Элтранс» ЖШС болды. Кәсіпорын 15 жылдан бері антифриз шығарып келеді.
— Біз отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған бағдарламаны пай-даландық. Елімізде орын алған дағдарысқа қарамастан, біз өз орнымызды жоғалтқан жоқпыз. Қолдау дер кезінде көрсетілді. Бізде патенттелген өнімнің жаңа түрі шығарылды, — дейді компания басшысы Виталий Гусельников.
Компания өз өнімдерін Қазақстанның барлық өңірлеріне шығарады. Таяуда Ресей нарығына шығуды жоспарлауда. Қазіргі кезде «Элтранс» ЖШС жылына 300-400 тонна антифриз өндіреді. Өнім серіктестіктің өзінде жаңа технологиялармен әзірленгендігімен ерекшеленеді. Компанияның өнімі тұтастай сертификатталған.

(15)