Су ішуде сақ болыңыз!

VodaКөпшілігіміз суды көп ішудің зиянды екендігінен бейхабармыз. Соңғы кездері «күніне 2,5-3 л су тұтынуыңыз керек» деп жиі айтылып жүр. Артық салмақтан арылтады әрі аш қарынды алдайтын таптырмас ас ретінде қарап көп ішеді. Әйтсе де, судың пайдасымен қатар зиянды жағын да біліп жүргеніңіз абзал.

Көп мөлшерде тұтыну терлеуді күшейтеді. Тіпті аптап ыстық күндері де суды шамамен, асықпай ішкен жөн. Қатты терлесеңіз, аузыңызды әлсін-әлсін шайып отырып-ақ шөлді басуға болады.
Ішкен суыңыз бірден шөл қандырмайды. Сондықтан, жүгіріп келіп, не алқынып тұрғанда су ішу организміңізге ауырлық әкеледі. Бір деммен отырып ішкен жөн.
Ішкен суыңыз организмге толық 10-15 минутта тарайтындықтан, 10-12 минут сайын бірнеше жұтым ғана ішіп, шөліңізді қандырғаныңыз дұрыс.

Әзімхан Алманов

(18)