mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жансая ерлер арасындағы халықаралық шебер атанды

Жансая Әбдімәлік Орта Азияда және Қазақстандағы ерлер арасында ең жас халықаралық шебер атағын жеңіп алды. Оған бұл атақ мерзімінен бұрын берілді. Бұл туралы шахматшы қыздың инстаграм парақшасында жазылған. Хабарламада: «Таяуда ФИДЕ президенттік кеңесі кезінде Жансая Әбдімәлікке International Master (ерлер арасында халықаралық мастер) атағын беру туралы шешімі шықты. Жансая өзінің 17 жасында Қазақстан тарихында бірінші рет ерлер арасында мастер атағын жеңіп алған тұңғыш қазақ қызы болып саналады. Бұдан тек ерлер арасында гроссмейстер атағы ғана жоғары. Осы атаққа қол жеткізу үшін Жансая үш ірі жарыста кем дегенде үш халықаралық шебермен ойнап, қажетті ұпайды жинауы керек болған», — деп жазылған.

Жансая Әбдімәлік 2000 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген, он төрт жасында гроссмейстер атанған. 2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы Азия чемпионатында 20 жасқа дейінгі санатта 2-орын иеленді. Жансая қыз балалар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған. Қазіргі уақытта ТOP-100 Women March рейтингісінде 39-орында тұр. ФИДЕ рейтингінде ол 2430-орында.

(9)