Димаштың қытайлық фанаттары «Абай жолын» оқуға кірісті

Димаш Құдайбергеннің менеджері Алпамыс Шаримов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Димаштың қытайлық жанкүйерлері ол сахнаға киіп шыққан киімді кигісі, оның қолындағы заттарды ұстағысы келеді. Жақында Қытайда Димаштың бейнесімен компьютерлік ойындар шыға бастайды. Онда да Димаш көрермендерімен «Дайдидауды» салған бейнесімен жүздеседі. Қазір Қытайда қазақтың домбырасына ғана емес, барлық ұлттық аспаптарына деген айрықша қызығушылық байқалады. Жанкүйерлер оларды зерттеп, қытай тіліне аударып, жариялап жатыр. Еуропадан да арнайы хабарласып, сұрастырған журналистер болды. Димаш қазір көптеген брендтермен жұмыс жасауда. Мысалы, Шанхайда эфирден 54 миллионнан аса адам тамашалаған Димаш қатысқан Swiss пен Ferrari компаниялары ұйымдастырған шара барысында біздің әнші өзінің сүйікті кітабы «Абай жолы» екендігін айтқан-ды. Сол-ақ екен, «Абай жолының» қытай тіліндегі нұсқасының сатылымы да күрт артты. Жанкүйерлер «Димаш оқыған кітапты біз де оқуымыз керек» деп жазып жатыр», — деді.

(11)