Гуакамоле тұздығын жасап үйренейік

110810174633-150715161115-p-O-guakamole-s-olivkamiГуакамоле Мексикадан шыққан. Авокадодан жасалған көкөністі тұздық дегенді білдіреді. Дайындалуы өте қарапайым әрі пайдалы соус. Ол үшін бізге 200-300 гр жүгері чипсі (тортилья), 2 дана жұмсақ авокадо, жарты лаймның шырыны, 1 ш.қ. тұз, 1 кішірек пияз, 2 ас қасық туралған кинза, 1 дана қызанақ, 1 сарымсақ және қызыл бұрыш керек.

Дайындау тәсілі: ең алдымен авокадоны пышақпен айналдырып, кесіп, сүйегін алып тастаймыз. Тазаланған авокадоны шанышқымен еземіз. Езілген авокадоға ұсақтап туралған жарты сарымсақ, пияз және кинзаны саламыз. Одан соң жарты лаймның шырынын, кейіннен ұсақтап туралған қызанақты, тұз бен бұрышты салып, жақсылап араластырамыз. Міне, Гуакамоле тұздығымыз дайын. Асыңыз дәмді болсын!

(19)